Skip to main content

Posts

Кітаптар туралы ойлар: күнделіктіден.

Қазір менде демалыс болған соң, ұйқым бұзылып жүр. Кеше, мысалы, мен екі-ақ сағат ұйықтадым және таңертең ғана. Сондықтан болар, күні бойы көңілім тез бұзылып, тез босап жүрді. Бүгін мен бірнеше сағат кітап дүкенінде жүрдім... бірақ бәрін басынан бастайын.
Жақсы жаңалық: мен осы жылы оқимын деп сатып алған қазақ тіліндегі кітаптардың бәрін дерлік оқып шықтым. Енді тек "Қазақ қайда бара жатыр" кітабы қалды, оны жақында оқып бітіремін деп ойлаймын.  Жаман жаңалық: мен қазір үлкен кітап оқып жатырмын (830 беттік) - оқығаныма бір айдан асып кетті, ал мен кітаптың әлі жартысындамын, Бұл - өте жақсы кітап, бірақ - орысша. "Трансерфинг реальности" деп аталады. Сонда мені алаңдататыны - мен осынша уақытымды бір орыс тіліндегі кітапқа құртқып жатқаныма. Ал ағылшынша әлі бір де бір кітап оқылмады осы жылы...
Сонымен, бүгін дүкенде екі рет көңілім түсті. Біріншіден, қазақша кітаптар... Booking дүкенінде қазақстандық кітаптарды бір кішкентай жерге қойып қойған. Әрине, дискрим…
Recent posts

Тай елінің мақалдары.

Әдеттегідей, ең қатты ұнаған мақалдарды белгілеп қойдым :) Ал мақалдардың орысша нұсқасын мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар.
Бүкір елдің арасында жүрсең, бүкірейіп жүруге тырыс.

Құс қонбайтын ағаш жабыраңқы болады.

Он рет талқылау бір рет бастан кешіруге жетпейді.

Жасырсаң, аяғына дейін жасырып өт.

Ит тістеп алса, жауапқа оны тістеме.

Ішің ауырмасын десең, тамағыңды асықпай же.

Әйел жүрегі лотос гүлінің жапырағындағы гүлдей тұрақсыз.

Аспан астында тұрсаң жаңбырдан несіне қорықасың?

Енекені сойсаң, тұздық аяма.

Білсең жұмыс оңайырақ болады, білмесең - қиынырақ.

Мысық жоқта тышқандар тойлайды.

Патша қанын, отты және жыланды жете бағаламауға болмайды.

Қылқындыра бастасаң - өлтіргенше қылқындыр. =)

Жолыңда перілерді оятпа.

Аймен күннен қаттырақ сүйсінбе.

Үйдегі әңгімені сыртқа шығарма, сырттан үйге өсек әкелме.

Жастайыңнан байлыққа талпынба.

Желді судан қаттырақ жақсы көрме.

Досыңнан ол сүйетін затын беруді сұрама.

Алға жалғыз жұлқынба.

Қарға үшін жылан өлтірме.

Көрікті бет тамашалау өбісудің ж…

Вьетнам елінің мақалдары.

Орысша нұсқаныоқи отырып, аудармамда қателерімді көріп жатсаңыздар, айтуларыңызды сұраймын.


Бай болса - жақының, кедей болса - бөтен.

Байлық - күйеудікі, еңбек - әйелдікі.

Байлықтан салтанат рәсімдері туады.

Балаларың әлі жоқта немесе балаларың өсіп кеткенде ғана бай болуға болады.

Кедей болсаң миыңды іске қос.

Ашуланған ақылынан адасады, шаруамен айналысқан тәбетін жоғалтады.

Мыс кәстрөлде пісірген оңай, көріксіз күйеуді басқару оңай.

Шарап кірсе, сөздер шығады.

Жоғары ұшқан төмен құлайды.

Қызықты әңгіме айту көп әңгіме айтудан жақсырақ.

Ақылсызбен сөйлессең шешімге келмейсің.

Алыстағы су оттан құтқармайды.

Күйеусіз қыз - тұтқасыз қайықтай, әйелсіз ер бала - жүгенсіз аттай.

Ақшасы бар адам заңды елемейді.

Үй таза болса - салқын, кесе таза болса - шәй тәтті.

Тату ерлі-зайыптылар Тұнық Мұхитының суын тартып шығара алады.

Өзінің қара екенін білетін қарға аққұтанға жоламас.

Тәтті шарап көп ішсең мас боласың, тәтті әңгіме көп тыңдасаң - жалығасың.

Жабырқаған адамның айқайын аспан естімейді.

Біл…

Корей елінің мақалдары.

"Шығыс елдерінің мақалдары" атты кітаптың ішінен ұнаған корей мақалдары қазақ тілінде:
Суды төгіп алсаң қайта жинай алмайсың.

Жақсы қабілетіңнің бәрі - өзіңнен, жамандары - ата-бабаңнан.

Дәрі ем болса да, болмаса да - ақшасын төлеу керексің.

Судың тереңдігін түсінерсің, ал әйел жүрегін түсіне алмайсың.

Ініне тығылған жыланның ұзындығын біле алмайсың.

Заң алыста, ал жұдырық - жақын.

Ұялшақтық адам өлтіреді.

Жолды білсең - қуып жет.

Кірпіге оның балалары жұмсақ болып көрінеді.

Кішкентай бұлақты да үлкен құрметпен атта.

Еске алсаң жолбарыс та келеді.

Мені мақтаған адам - жауым менің.

Айда аяқ жоқ болса да аспанда жүреді; желде қол жоқ болса да теректер тербетеді.

Ұрылар болмаса заң керек емес.

Әңгімесі тәттіге емес, соясы тәттіге қонаққа бар.

Өрмелеушілердің үстінде ұшатындар бар.

Бастық не айтса да, бәрі шындық.

Өлімнен қорықпа, ауырып қалудан корық.

Басқаға шық деп айтқан теректі жұлқылама.

Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар бірінші өседі.

Мақтадан жақсырақ гүл жоқ.

Қыран шыбын аулама…

Жапон елінің мақалдары.

Назарларыңызға "Шығыс елдерінің мақалдары" (Пословицы Востока) атты кітаптан жапон елдерінің өзіме ең ұнаған мақалдарын ұсынамын. Көріп отырғандарыңыздай, өте көп мақал қарапайымдылығымен және мағынасы тереңдігімен ұнады. Көп мақал өзіміздің қазақ мақадарына мағынасымен ұқсас, бірақ мен бәрібір олардың қазақша баламасын жазбай, тура аударып отырдым. Кейде тура аударма болып кетіп отырды ("қарапайым құлақ"!), ал кейде әдеби аударуға тырыстым. Аса ұнағандарын белгілеп қойдым. Ал мақалдарды орысша мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар.  Қате кетіп жатса, айтып отырыңыздар :)
Баланы қатты еркелетіп өсіру оны тастап кетумен тең.

Жұмысы жоқтың сөзі көп.

Алтын Буддадан қаттырақ жарқырайды.

Ғылымға қысқа жол жоқ.

Дауды қаттырақ айқайлайтын жеңер.

Ұлы менмендік менменсіздік болып көрінеді.

Ұлы дарын жәй піседі.

Бейбітшілік кезінде де соғыс қауіпін естен шығарма.

Ұры өз есігін құлттап жүреді.

Тәрбиең шығу тегіңнен маңыздырақ.

Дәрігер өз денсаулығын ойламайды.

Қызбалық жетістік әкелме…

QUORA | Ешкімнің мойындағысы келмейтін шындық бар ма?

Ешкімнің байқағысы және мойындағысы келмейтін шындық (әсіресе Америкада) — бұл Әлем бұрыңғыдан жаманырақ емес, жақсырақ халде екендігі. Шын мәнінде, ҚАЙ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРСАҚ ТА, ҚАЗІРГІ ТҰРЫП ЖАТҚАН ӘЛЕМІМІЗ АДАМ ҮШІН ЕШҚАШАН БОЛЫП КӨРМЕГЕН ЕҢ КЕРЕМЕТ ОРЫН БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. 
Бұқаралық ақпарат құралдары сіздің әр оқыған сайт арқылы, әр көрген видеоңыздан және тыңдаған аудиоңыздан ақша табады, сондықтан олар үнемі сізді өзіне тарту үшін сізге қызықты ақпарат таратады. Көпшілік қауымға зорлық-зомбылық және тағы басқа адамдарды қорқытатын заттарды көрсетіп отырады - себебі адам қорқатын заты туралы көбірек білгісі келіп тұрады. Бұл әдейі ойластырылған жасырын әрекет емес, - бұл жәй ғана кіріс жасау мақсатында істелінеді.

Шындығында, әлемнің қазіргі жағдайы мынандай:
* Бүгін азырақ адам аштықтан азап шегеді (тұрғындар санына байланысты);
* Тарихта болған кез-келген уақытқа қарағанда қазіргі таңда соғыс саны азырақ (бүгінгі Батыс жарты шарда бірінші рет МҮЛДЕ соғыс жоқ);
* Адамның ө…

QUORA | Философияны түсіну үшін қандай кітаптар оқуым керек?

Үлкен өтініш, Платон, Аристотель, Кант, Юм, Гуссерль, Ницше, Камюдан бастамаңызшы! Егер аталған философтардың еңбектерінен бастасаңыз, сіз философия ілімін жек көріп кетесіз. Ал философиямен Гегель арқылы танысамын десеңіз, философияны тіпті өмір бақи жек көріп кетесіз. Алғашқы қадам ретінде, кейбір жақсы жазылған кіріспелерді оқыңыз. Саймон Блэбернның "Ой: Философияға кіріспе"-сін және Найджел Уорбертонның "Философия негіздері" атты кітаптарын оқуға кеңес бере аламын. 
Екінші қадам: логика. Сіз логиканы ұқпасаңыз, философияны да ұға алмайсыз. Мысалы, Пол Томассидың "Логика" атты кітабын оқып көріңіз. 
Үшінші қадам: логикамен не істеу керек. Рэймонд Брэдли және Норман Суарстың "Ықтимал әлемдер; Логика мен Философияға кіріспе" атты кітабын оқыңыз. Бұл керемет кітап - мен оқыған ең үздік кітаптардың бірі. 
Төртінші қадам: философияның ең танымал дәлелдерін білуге уақыт келді. Майкл Брюс және Стивен Барбонның шыңармасы "Тек дәлелдер…